Шымкентте жолды кесіп өтпек болған әйелді автобус басып кетті

Жаңалықтар
view 154
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Шымкентте автобус жолдан өтіп бара жатқан әйелді басып кетіп, ол сол жерде жантәсілім етті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға 7 қазанда болған. «Жібек жолы» көшесінде әйел жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Сол кезде оны автобус келіп соққан.

Шымкент қалалық полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Қазір жол апатының барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деді полиция өкілдері.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *