Шұғыл! Оңтүстік Кореядан тыныштық кетті
Фото: Yonhap
Бүгін Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёл шұғыл үндеу жасап, елде "әскери жағдай" жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты Yonhap басылымына сілтеме жасап.
Ол үндеуінде өзіне қарсы заңсыз импичмент (биліктен тайдыру) жариялануы мүмкін екенін ескертті.
Елде "әскери жағдай" енгізілген сәтте саяси әрекеттерге баруға тыйым салынды.
Осыдан кейін Сеул қаласына бронды техникалар мен әскер кіргізіліп, Парламент ғимараты қоршауға алынды.
Парламент мүшелері ғимаратқа кіргізілмей қойды. Себебі олар Парламентке кірсе, "әскери жағдайды" жоюды жақтап дауыс беруі мүмкін еді.
Содан соң Парламенттегі оппозиция жетекшісі Ли Чжэ Мён халықты көшеге шақырып, Парламент алдына жиналуға үндеді.
Халық көшеге шығып, депутаттар дегеніне жетті. Олар ақыры Парламент ғимаратына кіріп, жиын өткізді. Әскерилер Парламентке бағынып, ғимаратты тастап шықты.
Парламент мүшелері "әскери жағдайды" жоюды жақтап дауыс берді. Енді Парламент Президент Юн Сок Ёлге импичмент (биліктен тайдыру) жарияламақ.
Пікірлер (0)