«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың республикалық байқауы

Жаңалықтар
view 41
news

2023 жылғы 25 қыркүйектен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың республикалық байқауы басталды. Байқаудың мақсаты – маңызды ғылыми, цифрлы және техникалық шешімдерді, инновациялық жобаларды жүзеге асыру мен анықтау мақсатында азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа тарту. Байқауға барлық ниет білдіруші тұлғалар (жеке және заңды тұлғалар), оның ішінде қоғам, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатыса алады. Байқау келесі басым бағыттар бойынша өтеді: – Қоғамдық бақылау; – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және зерттеу; - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және зерттеу; – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар. Байқау екі кезеңнен тұрады: іріктеу, финал. Байқауға қатысу үшін өтінімдерді жолдау 2023 жылдың 30 қазанына (қоса алғанда) дейін konkurs1424@mail.ru электронды пошта арқылы жүзеге асырылады. Байқаудың финалдық кезеңі 2023 жылдың 1 желтоқсанында Қарағанды қаласында өтеді. Байқаудың қорытындысы бойынша үздік жобалардың авторлары ақшалай сыйақымен марапатталады, сонымен қатар жобаны жүзеге асыру үшін қаржылау-техникалық қолдау көрсетіледі. Байқауға қатысу сұрақтары бойынша қосымша ақпаратты 8 (701) 1864300, 8 (702) 4122906 телефондары арқылы алуға болады. Байқаудың өту талаптарымен танысу және өтінімдерді дайындау үшін қажетті құжаттардың шаблондарын төмендегі сілтеме арқылы алуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-karaganda/documents/ details/525318?lang=kk  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *