ТОЙLIKE – жоғары сапа, қолжетімді баға

Жаңалықтар
view 342
news

Елімізде жиһаз өндірісі қарқынды дамып келеді. Салада жаңа кәсіпорындар көптеп ашылып, өндіріс ошақтарының отандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі арта түсуде. Ал Қосшы қаласы көлемінде тұрғын үй құрылысы жылдан-жылға белсенді жүргізілуіне байланысты оның негізгі жабдығы – жиһаз өнімдеріне деген сұраныс та жоғары болып отыр.

Қазірде қалың бұқараның таным-түсінігі, талап-талғамы қатты өзгерген, өскен. Осыған дейін шетелдік өнімдерге Италия, Польша, Ресей, Беларусьтің жиһазына денқойып келсе, бүгінде өзімізде, арнайы тапсырыспен, көңіл қалауларына орай жасатқанды құп көреді. Қосшыда осыдан екі жыл бұрын «ТОЙLIKE» жиһаз құрастыру цехын ашқан кәсіпкер Саян Қабылқақ Асқарұлы, бұл салада жұмыс жасап, шаһардың экономикасына өз үлесін қосып жүргеніне риза екенін айтады. Бұл кәсіпті бастау тарихы мен жетістігі жайында толық ақпарат алу мақсатында кәсіпкерді әңгімеге тарттық. – Саян Асқарұлы, бұл кәсіп сүйікті ісіңіз бе, әлде атадан қалған мұра ма? Біріншіден, бұл кәсіп менің сүйікті ісім екенін атап өткім келеді. Дегенменде жиһазды құрап шығару отбасылық кәсібіміз болып саналады. Менің әкем, Кабдуллин Асқар Қабылқақұлы 40 жыл бойы мектепте еңбек пәнінен сабақ беріп, зейнетке шыққан. Иә, шәкірттерге ұста болуды үйреткен ұлағатты ұстаз. Әкем 2010 жылдан бері жиһаз жасау кәсібін бастады. Ал Саят Асқарұлы ағам екеуіміз әкемізге көмектесіп жүріп осы кәсіпке ат салыстық. Осылайша, отбасылық кәсіпке айналып кетті деп айта аламын. Мен, Шығыс Қазақстан облысы, Шар қаласында туып, өстім. Менің әкем талай жылдар бойы Шар қаласында жиһаз құрап, осы кәсіпті дөңгелетіп жүрді. Қосшы қаласына көшіп келген соң, отбасылық кәсіпті дәл осы шаһарда жалғастыруды жөн санадық. Себебі, Қосшы мүмкіндіктер қаласы. Қазір жаңадан үй салынып, жиһаз алуға сұраныс артып келеді. Біздің жиһаз құру цехы 2 жылдан бері 200-ден астам үйге қажетті жиһазды жасап шығарған. Дегенмен, атап өту керек, цех ашуға миллиондаған қаржы, ауқымды құралдың қажеті жоқ. Себебі материалды кесіп беретін орталықтар бар. Ең бастысы жиһазды өлшеп, құра алатын маман білікті болуы керек. Қазір біздің «ТОЙLIKE» жиһаз қүру цехында 10-ға жуық маман жұмыс жасайды. Салықты да уақытылы төлеп, қаланың экономикалық дамуына үлес қосып жатырмыз. – Бүгінде нарықта кімнің өнімі бәсекеге қабілетті, бағасы мен сапасы тұтынушының көңілінен шықса, соның өнімі өтімді болмақ. Қазір Қосшы тұрғындарынан тапсырыс жиі түсіп тұра ма? - Бұл біздің отбасылық кәсіп болғандықтан ортада ешқандай делдал жоқ. Сондықтан біз қолжетімді бағада жасаймыз. Мәселен, нарықта асханаға арналған жиһаз жиынтығы 500-700 мың теңге көлемінде жасалса, дәл сол жиһазды біз 350-420 мың арасында жасап береміз. Әрине, ол тауардың материалына тікелей байланысты. Сонымен қатар біздің компанияда қолжетімді баға қойылады. Алайда көптеген тұтынушылардың ойына бірден арзан баға болса сапасыз тауар немесе алаяқ шығар деген ой да келеді. Әбден делдалдың үстемақысын төлеп үйренген ғой. Біз тікелей тұтынушы тапсырысын алып, өлшемін өлшеп болған соң, материалын таңдап, бағасын шығарамыз. Сол мезетте арнайы келісім шарт жасалады. Барлығы заңды екенін атап өткім келіп тұр. – Бүгінде цехте қандай өнімдер шығарылады? – Біз жиһаз құрастыру цехын аштық. Бүгінде түрлі асхана жиһаз жиынтығы, шкафтар, кіреберіске арналған жиһаз түрлерін жасаймыз. Алдағы уақытта тауар қатарын ұлғайтуда жоспарда бар. – Қосшы тұрғындары неге «ТОЙLIKE» жиһаз құру цехын таңдау керек? Қандай ерекшеліктеріңіз бар? Атап өтсеңіз. – Әрине, ерекшелігіміз көп. Біріншіден, тәжірибелі шеберлер жұмыс жасайды. 100% сенімді деп айтқым келеді. Өйткені арнайы тұтынушымен келісім шарт жасалады. Сол құжатта көрсетілген уақытта жұмысты аяқтап, жиһазды тегін құрып, үйіне дейін тегін жеткізіп, орнатып береміз. Тек сапалы материалды таңдаймыз. Және де тұрғындарға қалтасына қонымды болсын деген мақсатта екінші деңгейлі банктермен де серіктес болып, тұтынушыларға 12 айға бөліп төлеу мүмкіндігі де беріліп отыр. Ең бастысы, біз өз жиһазымызға 1 жылға дейін кепілдік мерзімін береміз.Егер осы уақыт аралығында бұзылып жатса, барып толық тегін жөндеп, реттеп береміз. – Қазіргі таңда тапсырыс артып жатыр ма? – Әрине. Қазір «ТОЙLIKE» жиһаз құру цехы десеңіз тұрғындар бірден таниды. Сондықтан тапсырыс көбінесе, осылайша тірі жарнама арқылы беріледі. Мәселен, «Лесная поляна» тұрғын үй кешінде тұратын бір пәтер иесі жиһаз жасатса, сол айда ол кісінің 20 көршісі бізге хабарласып тапсырыс береді. Одан бөлек, әлеуметтік желідеде ақпаратпен бөлісіп, инстаграм, тикток, фэйсбук арқылы да тапсырыс түсіп отырады. Қазір Қосшыда жаңа үйлер көптеп салынуда. Астана төңірегінде болғандықтан, арман қуған жастар көшіп келуде. Жаңа үй алған соң адамдар жаңа жиһазбен кіргісі келеді. Жазда той тойлап, үйді жөндеуден өткізсе, енді жыл соңында соңғы нүкте жиһаз жаңарту жұмысы болады. Сондықтан қазір тапсырыс жеткілікті. Халықтан тек алғыс арқалап келеміз. – Жиһазға тапсырыс беру үшін тұтынушы ақшаны алдын ала төлей ме? Қазір ақшаға келгенде адамдар арасында қорқыныш басым емес пе? – Жиһазға тапсырыс берген соң төлемақының 70% төленеді. Себебі тауарды жасауға алдын ала материалы, олар сатып алынады. Алдын ала төлем болмаса жиһаз жұмысы басталмайды. – Алдағы жоспарыңызбен бөліссеңіз. – Жоспарым өте көп. Бірінші кезекте, Қосшы қаласынан жиһазды толық жасап шығаратын цех ашу болып отыр. Арнайы ағаш кесетін құрылғыларын сатып алсақ, осы мақсатымызға жетеміз. Сонымен қатар болашақта толығымен отбасымызбен осы Қосшы қаласына көшіп келіп, үй салсақ дейміз. Бұл шаһар мүмкіндік қаласы. Ал бұл қаланың өркендеуіне кішкене болса да біз үлесімізді қоссақ деген ойымыз бар. Сонымен қатар, жұмыссыз жандарға екі қолға бір күрек тауып беруді де көздейміз. – Мемлекет басшысы да тауарлардың импортын азайтып, өзімізде өндіруге болатын заттарды елде өндіріп, экспорт көлемін ұлғайту қажеттігін жиі айтады. Экспортқа шығуды ойладыңыз ба? – Алдағы уақытта цехты үлкейтіп, арманыма жетсем, бұл да үлкен жоспар тізімінде бар екенін айтқым келеді. – Әңгімеңізге рақмет! Игі істеріңізге табыс тілеймін! Расында қазір жиһаз құрастыру саласында ілгерілеу бар. Олай дейтініміз, осыдан 4-5 жыл бұрын Қазақстан нарығындағы жиһаздың 90 пайызы шеттен импортталатын. Күні бүгін отандық үлес 30 пайызға жетті. Жақын болашақта көрсеткішті 50-ге жеткізу көзделіп отыр. Ал оған қосшылық кәсіпкер Саян Асқарұлыда өз үлесін қоспақ. Ендеше, құрметті Қосшы қаласының тұрғындары ең сенімді, сапалы, қолжетімді бағадағы жиһазға тапсырыс берем десеңіздер, “ТОЙLIKE” жиһаз құрастыру орталығына жүгініңіздер. Үйіңізге барып өлшем алу, дайын жиһазды жеткізу жұмыстары тегін жасалады. Арнайы келісім шарт түзіліп, 1 жылға кепілдік те беріледі. Ендеше, сенімді компанияға тапсырыс беру үшін төмендегі нөмірге хабарласыңыздар. 8776 106 23 16 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Еңбекқорлық біздің негізгі құндылығымыз болуы қажет. Оны ұлт сипатын айқындайтын асыл қасиетке айналдыруға тиіспіз» деп адал еңбектің басты құндылық екеніне ерекше назар аударған болатын. Ендеше нағыз еңбекпен ісін ілгерілетіп келе жатқан «ТОЙLIKE» жиһаз құру цехының директоры, кәсіпкер Саян Қабылқақпен оның отбасына тек табысты кәсіп тілейміз!

Салтанат ЕСЕНҚҰЛОВА

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *