Шымкентте 53 жастағы ер адам үш айлық баласын лақтырып жіберген

Жаңалықтар
view 1270
news

Сурет: Ашық дереекөзден

Шымкентте 53 жастағы қатыгез әке үш айлық баласын лақтырып жіберген. Бұл жантүршігерлік жағдайды адвокат, желі белсендісі Айгүл Орынбек айтты, деп хабарлайды janabastau.kz.

«Неге жалғыз менің жүрегім ауру керек? Ел қандай істерде жүретінімді көрсін. Түнгі сағат 4:00-те «Роща ауруханасы ана мен баланы қабылдамай жатыр», деп хабарласты. Құдайдан қорықпайтындар, «Айгүл Орынбек келеді» деген соң ғана көмек бере бастаған.  Бірақ өте кеш бала басына қан кетіп реанимацияға түскен. Үш айлық баланы теуіп, лақтырып, әйеліне  пышақ жүгірткен оңбаған әлі қамауда емес. Әшейінде басқаларды бірден қамауға алатын прокуратура бұл жолы нені күтіп отырғанын білмеймін?

Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен Шымкент прокуратурасы қалай күресіп жатқанын көріңіздер! Ауруханаға барса “адам көп, үйлеріңе қайтыңдар» деген дәрігерді жазалау керек. Шымкентте  бала құқығын қорғайтын омбудсмен бар ма өзі?» - дейді Айгүл Орынбек.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *