"Шындықты айтқанын қаладым": Баян Алагөзова KeshYou тобына қатысты жаңалықты жариялады

Жаңалықтар
view 100
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

KeshYou тобы құрылғанына биыл 20 жыл толады. Осыған байланысты бүгінде деректі фильм әзірленіп жатыр. Бұл туралы Баян Алагөзова НТК телеарнасының Revue бағдарламасында айтты, деп жазады JANABASTAU.KZ.

 Продюсер KeshYou тобының 20 жылдығына орай деректі фильм түсіріліп жатқанын және онда топтың әр жылдардағы мүшелері басынан өткен оқиғаларын бөлісетінін жария етті.

"20 жыл деген екі жыл емес. Бұл - KeshYou тобының өмір жолы, бай тарихы. Біздің көрсетеріміз, айтарымыз, үйретеріміз және үйренеріміз бар. Жақында деректі фильм жарыққа шығады. Жанжал болуы да мүмкін. Бірақ шындықты, қалай болғанын, қайда бағыт алғанымызды бүкпесіз айтқанын қаладым. Қыздардан қандай жолды жүріп өткені туралы шындықты айтуын сұрадық. Деректі фильмде мен де бұл туралы айтамын. Қызық болады деп ойлаймын", - деді Баян Алагөзова.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *