Танымал әнші Рахат Тұрлыханов ұсталды деген ақпарат тарады

Жаңалықтар
view 141
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың інісі, әнші Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ertenmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Криминалды Қазақстан» арнасының құқық қорғау органындағы дереккөзі мәлімдегендей, оқиға 15 наурыз күні болған.

Қазір күдікті Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілген. 

Айта кетейік, Рахат бұған дейін де бірнеше мәрте осындай әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тіпті 10 тәулік қамауда отырып шыққан еді.

Кейін Рахат Тұрлыханов пен әйелі видеомәлімдеме жасап, «екеуінің арасында бәрі жақсы екенін» айтқан. Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *