Тайтөбенің бюджеті талқыланды

Жаңалықтар
view 62
news

Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы Ә.Қуатбековтің жетекшілігімен өткен кезектен тыс он үшінші сессияға қала әкімінің орынбасарлары, Тайтөбе ауылының әкімі П. Досмағанбетов, «АМАНАТ» партиясының Қосшы қалалық филиалының атқарушы хатшы Р. Сейдахметов және мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

  Сессияның күн тәртібінде «Тайтөбе ауылының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Көтеріліп отырған мәселеге қатысты қала әкімінің орынбасары Альмира Бахытқызы баяндама оқып, Тайтөбе ауылының бюджеті туралы мәлімет берді. Қазына қаражатына қатысты қандайда бап болсын ыждаһатты тексеруді, талдау мен талқылауды қажет ететіндігі түсінікті. Ал ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының басты өлшемі болып табылатын құжатты бекітудің жауапкершілігі одан да жоғары. Оны қарау барысында мәслихат депутаттары баяндамашыға ауыл бюджетіне қатысты түрлі сауалдарын қойып, сұрақтарына тұшымды жауап алды. Бас құжаты Қосшы қалалық мәслихаттың 13-сессиясында депутаттардың егжей-тегжейлі талқылауынан кейін барып бір-ақ қабылданды. Сессия соңында қала мәслихатының Шешімі шықты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *