Ғибраты мол ғұмыр

Жаңалықтар
view 54
news

Қосшы қалалық кітапханасында ақын, аудармашы Аманжол Қорғанбектің 70 жылдық мерейтойына орай «Ғибраты мол ғұмыр» атты әдеби сағаты өтті. Оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беріліп, қызықты тапсырмалар орындалды.

Аманжол Қорғанбек 1953 жылы 8 қарашада Көкшетау облысы (қазіргі Ақмола облысы) Зеренді ауданының Көктерек ауылында туған. ҚазМУдің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1974 жылы Зеренді аудандық «Коммунизм таңы» газетінде тілші болып бастаған. 1970 жылдан « Жалын», «Лениншіл жас», «Жұлдыз» басылымдарында өлеңдері жарық көре бастады. «Ғибрат пен Зұлмат», «Біржан бұрмалары» өлең кітаптары бар. Көркем аударма саласында жемісті еңбектеніп келеді. Герман Меллвилдің «Моби Дик немесе Ақ кит» романын тәржімалаған. Шара соңында оқушыларға әдеби шығармалар оқудың артықшылығы, кітапханада оқырмандарға арналған кітапхана әдебі, кітап қоры, тағы басқа қажетті ақпараттар берілді. Кітапханадағы әдеби сағатқа қатысушылар әдебиет әлеміне қызығушылық танытты.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *