Иесін тапқан марапат

Жаңалықтар
view 169
news

№1 Қосшы қалалық емханасының дәрігер кардиологы, медицина ғылымдарының докторы Рахима Мекенбаева Республика күніне орай «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Дәрігер-сарапшы, жоғары санатты кардиолог маманның ғылыми-практикалық және педагогикалық қызметпен айналысып келе жатқанына 40 жылға таяды. Еңбек жолын 1985 жылы Ташкент қаласындағы облыстық емханада балалар кардиологынан бастап, кейін Ресей Ғылыми зертеу және педиатрия академиясының медицина бөлімінің аға ғылыми қызметкері болды, соңғы жылдары Астана қаласының Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында жоғарғы ғылыми басқарушы лауазымын атқарды. Рахима Тастанқызы – Білім және ғылым министрлігінің ғылыми дәрежелер беру жөніндегі, Денсаулық сақтау министрлігінің инновациялық технологияларды бағалау жөніндегі тәуелсіз сарапшы.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *