Аудан әкімдері сайлауының нәтижесі

Жаңалықтар
view 58
news

5 қараша күні Ақмола облысының Ақкөл, Астрахан, Есіл, Жақсы және Шортанды аудандарында әкім сайлайы өтіп, оған 57139дауыс беруші қатысты.

Ақмола облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 79 148 азамат енгізілді. Дауыс беруге қатысқаны – 57 139 сайлаушы. Оның ішінде 8-есептен шығару куәліктері бойынша, үй жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны – 924. Кандидаттардың жалпы саны – 12. Аудан әкімдері сайлауында мынадай қорытынды белгіленді: Ақкөл ауданы бойынша Б.Әбдірахманов үшін 10 163 сайлаушы дауыс берді. С.Кенжебаев үшін 1 341 сайлаушы дауыс берген. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 786. Астрахан ауданы бойынша Т.Ерсейітов үшін 8 970 сайлаушылардың дауысы берілді, Б.Төкішев үшін 884 сайлаушы дауыс берді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 526. Есіл ауданы бойынша К.Әлімжанов үшін 1 524 сайлаушы дауыс берілді, С.Балжанов үшін 8 181 сайлаушы дауыс берген. С.Кенжетайға 592 сайлаушының дауысы берілді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 778. Жақсы ауданы бойынша Р.Жұмағұлов үшін 798 сайлаушы дауысы берілді, А.Қадыралина үшін 6 644 сайлаушы дауыс берген. Е.Оспанов үшін 528 сайлаушы дауысы берілді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 475. Шортанды ауданы бойынша Ә.Балташев үшін 1 157 сайлаушы дауысы берілді, С.Шабаров үшін 12 827 сайлаушы дауыс берді. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 104. Сайлау қорытындысы бойынша мына кандидаттар әкім болып сайланды: Ақкөл ауданы – Біржан Тасболатұлы Әбдірахманов. Астрахан ауданы – Талғат Аманбайұлы Ерсейітов. Есіл ауданы – Серік Мырзасейітұлы Балжанов. Жақсы ауданы бойынша – Алмагүл Аманжолқызы Қадыралина. Шортанды ауданы бойынша – Сағындық Серікбайұлы Шабаров.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *