Теміртауда автобуста 18 жастағы жігіт пышақталды
Фотосурет: дереккөз
Теміртауда автобус ішінде дау шығып, соның салдарынан 18 жастағы жігіт аяғынан жарақат алды. Куәгерлер әлеуметтік желіге оқиға орнында түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, жантүршігерлік жағдай №107 автобуста болған. 18 жастағы жігіт терезені ашпақ болған. Басқа жолаушыға бұл ұнамай, ұрыс-керіс төбелеске ұласқан. Төбелес кезінде бір жолаушы екіншісінің аяғына пышақ тығып алды.
Жарақат алған адамның аяғы жараланып, автобустың іші қан-жоса болды. Жүргізуші автобусты тоқтатып, оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция шақырылды. Фельдшерлер келгенге дейін жолаушылар жігіттің аяғын орамалмен байлаған. Жедел жәрдем бригадасы келіп алғашқы көмек көрсетті.
Келген полиция қызметкерлері 30 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қарағанды облысының полициясы оқиғаның объективті және жан-жақты тергеліп жатқанын мәлімдеді. Ведомство тергеу полиция департаментінің бақылауында болады деп сендірді.
Пікірлер (0)