Нұрсұлтан Назарбаев Путинмен тағы да кездесті
Жаңалықтар
149
Фото: видеодан скрин
Назарбаев пен Путин Кремльде кездесті. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Кремльде қабылдаған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Qarmet» компаниясын тонаған: Назарбаев пен Мәсімовке қатысы бар кәсіпкер қамауға алынды
Кремльдің баспасөз қызметі жариялаған бейнежазбада қос саясаткердің дөңгелек үстел басында жайғасқаны көрсетілген. Ресми хабарламада кездесудің нақты күн тәртібі мен талқыланған мәселелер туралы кеңінен ақпарат берілмеген. Хабарламада тек жүздескені жайлы жазылған.
Еске сала кетсек, Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев биыл мамыр айында да кездескен болатын.
Пікірлер (0)