Мақпал Жүнісова ел асыға күткен қуанышын хабарлады (ВИДЕО)
Жаңалықтар
432
instagram.com/zhunusova.makpal. Суретте: Мақпал Жүнісова
Танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында тойдан әсерлі сәттерді бөлісті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Жазбасында өнер иесі:
"Жібек қызымыз ұзатылды, Ерасыл екеуі бақытты, ғұмырлы болсын!" – деп ақ тілегін жеткізді.
Жарияланған фото мен видеолар қысқа уақытта-ақ көптің назарын аударып, желі қолданушылары мыңдаған лүпіл қалдырды. Көпшілік әншінің салтанатты образы мен серпінді өнеріне ерекше ықылас білдірді.
Пікірлерде "Өте әдемі болыпсыз", "Көйлегіңіз жарасып тұр", "Патшаханым!", "Тіл-көзден сақтасын", "Энергиясы тасып тұр" деген жылы лебіздер жиі кездесті.
Пікірлер (0)