1,3 млрд теңге салық төлемеген қазақстандық кәсіпкер Грузиядан экстрадицияланды (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 135
news

Фото: видеодан скрин

Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері салық төлеуден жалтарды деген күдікпен Қазақстан азаматын Грузиядан елге экстрадициялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті 2023-2024 жылдары Алматы қаласында коммерциялық ұйымды басқара отырып, алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен бірге нақты жұмыс атқарылмаса да, жалған шот-фактуралар жазу схемасын ұйымдастырған. Соның салдарынан мемлекетке шамамен 1,3 млрд теңге көлемінде салық төленбей, залал келтірілген.

Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. 2025 жылдың қыркүйегінде ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті Тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылып отырған қылмыс үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.

Сондай-ақ Бас прокуратурада бұл қылмыс бойынша сыбайласы биыл сәуір айында нақты мерзімге сотталғаны еске салынды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *