«Назарбаев әскер енгізуді талап етті»: Белгілі саясаткер Михаил Горбачевпен болған әңгімесін жариялады
Фото: facebook/Булат Абилов
Белгілі кәсіпкер әрі саясаткер Болат Әбілов facebook-парақшасында КСРО-ның тұңғыш әрі соңғы Президенті Михаил Горбачевпен екеуара әңгімесін еске алып, 1986 жылы алаңға әскер кіргізу туралы шешімнің қалай қабылданғанын жазған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Әбіловтің айтуынша, Желтоқсан көтерілісіне 39 жыл толса да, қанды оқиғаға қатысты жауапсыз сұрақтар әлі де көп.
Бұйрықтың артында кімдердің аты-жөні тұр?
Бүгін 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тағы бір кезекті жылдығы. 39 жыл өтті, бұл деген тарихи уақытта бір ғана сәт, ал адамзат жадында тұтас өмір .
Ал жауапсыз сұрақтар азайған жоқ. Бұл оқиғалар неліктен болды? Оқиға өтуі кімдерге пайдалы болды? Наразылықтар қаншалықты аяусыз басылды? Қанша адам қаза тауып, жарақат алды? Нақты санын қашан жариялайды, және біз олардың есімдерін қашан білеміз? Шешімдерді кім қабылдады? Сол кезде ел басқарғандар саяси және тарихи жауапкершілікке қашан тартылады?
Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевты қызметінен қалай алып тастағаны әлі есімізде. Мәскеудің шешімімен түсініктемесіз және қоғаммен диалогсыз Қазақстанмен саяси және жеке басты байланысы жоқ тағайындалған Колбин қалайша республиканың басына келді. Ал келесі күні студенттер алаңға қалай шықты. Осы жылдар бойы мені бір маңызды сұрақ мазалады: әскерді енгізу туралы шешімді кім және қалай қабылдады? Күш қолдану туралы бұйрықтың артында кімдердің аты жөні тұр?
2000 жылдың қаңтар айында Швейцарияда Михаил Сергеевич Горбачевпен кездейсоқ кездесіп қалдым. Ол мені өзіне шақырды, мен осы мүмкіндікті пайдаланып, әрбір қазақты толғандыратын Желтоқсан-1986 оқиғалары туралы сұрақ қойдым. Алматыда болып жатқан жағдайлар туралы оған қалай баяндалды және студенттердің наразылықтарын қатыгездікпен басу үшін әскер енгізу туралы шешімді кім қабылдады деп сұрадым, - дейді Болат Әбілов.
Горбачевтің жауабы қандай болды?
Саясаткердің жазуынша, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы КСРО тарихындағы қазақтардың тәуелсіздік үшін үнін көтерген алғашқы жаппай наразылықтары болса керек.
«Жас жігіт, Болат, ол кезде бейнебайланыс деген болған жоқ. Оқиға орнындағы жағдайды жаңа келген адам - Колбин баяндап отырды. Бірақ ол нақты ештеңе айта алмады. Ал Назарбаев үнемі хабарласып тұрды: жағдай бақылаудан шығып бара жатқанын, жергілікті күштердің шамасы жетпей жатқанын айтып, әскер енгізуді талап етті. Біз әскер енгізуге мәжбүр болдық. Яғни бұл - сіздердің жергілікті басшылықтың өтініші еді, нақтырақ айтқанда, Колбин мен Назарбаев жеке өздері менен әскер енгізуді сұрады» деп жауап берді Горбачев.
Бұл 2000 жылдың қаңтарында Швейцарияда өз құлағыммен естіген Михаил Сергеевич Горбачевтің сөздері.
40 жылға таяу уақыт өтті. Куәгерлер әлі тірі. Бірақ бұл оқиғалар не саяси , не тарихи баға әлі алған жоқ. Біз өз тарихымыздың тереңдігін әлі ұғына қоймағанымызбен қатар, жаңа тарихымызды әлі түсіне алмай келеміз. Өкінішке орай бұл біздің трагедиямыздың бір бөлігі.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы КСРО тарихындағы қазақтардың тәуелсіздік үшін үнін көтерген алғашқы жаппай наразылықтары болса керек. Алаңдағы жастар бәлкім республиканы тек қазақтың ғана басқарғанын қалайтынын толық түсінбеген шығар, бірақ олар одан да көп нәрсені білдірді: ол ішкі, тарихи еркіндік пен тәуелсіздікке деген ұмтылыс. Бұл Кеңес Одағының іргетасынан алынған алғашқы тас болды.
Одан кейін басқа республикаларда да өзгерістер процестері басталды. Қазақстан ең соңғы болып өз тәуелсіздігін жариялады. Ал бұл Назарбаевтың шешімсіздігі мен қорқынышының кесірінен болды.
Тарих үнсіздікті кешірмейді. Біз өткен туралы шындық әңгімеден қаншалықты ұзақ қашатын болсақ, ол біздің болашағымызға соғұрлым ауырлық болып соғады, - деп жазды Болат Әбілов.
Пікірлер (0)