«Жалайыр мен шапырашты үшін емес шығар»: «Руың кім» комедиясы прокаттан алынып тасталды

Жаңалықтар
view 158
news

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық «Руың кім» комедиясы прокатқа шыққаннан кейін бар болғаны бір апта өткен соң кинотеатрлардан алынып тасталды. Бұл туралы Tiger Films продюсрелік орталығы ресми мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Қауіпті құбылыс»: Ерлан Саиров рушылдықты қоздыратындарға тосқауыл қоюды ұсынды

Не үшін?

«Руың кім» фильмі 18 желтоқсаннан бастап белгілі себептерге байланысты еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілмейді. Бізбен бірге болып, қолдау білдіргендеріңізге алғыс айтамыз, – делінген компанияның мәлімдемесінде.

Фильмнің басты актері Қайрат Әділгерейдің айтуынша, комедияның тоқтатылуына оның рулық араздық тудыруы мүмкін деген пікірлер себеп болған.

Кейбіреулер тизерге қарап, фильмді дұрыс түсінбей жатыр. Шын мәнінде, картина руға бөлінуді емес, керісінше, бірлік пен татулықты насихаттайды. Киноны соңына дейін көрмей, қандай ой бар екенін білу қиын, – деді актер әлеуметтік желідегі жазбасында.

Желі оқырмандарының пікірі қандай?

10 желтоқсанда жарық көрген фильм аз уақыт ішінде үлкен қызығушылық тудырып, бір аптада 208 миллион теңгеден астам табыс жинаған.

Комедияны Tiger Films студиясы түсірген. Бас продюсер – Ерлан Бұхарбаев, сценарий авторлары – Нұржан Еркінұлы мен Жалғас Елеусінов, қоюшы режиссер – Жұмақан Әсет.

Әлеуметтік желілерде «Кімнің руына тиді екен?» немесе «Жалайыр мен шапырашты үшін емес шығар» деген секілді пікірлер жазылып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кино саласына қатысты пікір білдірген болатын. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *