Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Жаңалықтар
view 25
news

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Ақорда баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды,-делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ол еңбек жолын «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы (1989 ж) болып бастаған.

«Казпромтехмонтаж» шаруашылық-монтаждау басқармасының монтаждаушысы (1989–1990жж), Павлодар қаласындағы «Вахинвест» бірлескен кеңес-батыс-герман кәсіпорнының қауіпсіздік жөніндегі инженері (1990 ж), «Ансат-Павлодар» ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директоры (1990–1999 жж), «Тыныс» ЖШС директоры (1999–2002 жж), Қаржы министрлігінің дәрменсіз қарызгерлермен жұмыс комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы (2002–2003 жж), Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы (2003–2005 жж), Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы (2005 ж), Павлодар облысының әкімі Аппаратының басшысы (2005 ж.сәуірден бастап), Павлодар қаласы әкімінің орынбасары (2006 ж) болған.

Сондай-ақ Астана қаласының әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі (2006–2007жж), Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры (2007–2008 жж), Павлодар облысы әкімінің орынбасары (2008–2010 жж), Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары (2010–2011жж), Көлік және коммуникация вице-министрі (2011–2013жж), «Қазақстан Темір Жолы» АҚ вице-президенті (2014–2016 жж), Парламент  Мәжілісінің депутаты, Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы (2016 ж), Ұлттық экономика вице-министрі (2016 жыл мамырдан бастап), Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі (2016–2019 жж), Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі (2019 жыл ақпаннан бастап) болып қызмет атқарған.

Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары (2019 жыл 18 қыркүйектен бастап. 2021 жыл 18 қаңтар), Премьер-министрдің бірінші орынбасары (2022 жыл 11 қаңтар), Премьер-министрдің бірінші орынбасары (2023 жыл 3 сәуір), Премьер-министрдің міндеттерін уақытша атқарушы (2024 жыл 5 ақпан), Премьер-министрдің бірінші орынбасары (2024 жыл 6 ақпан) лауазымдарын атқарды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *