Сыбайлас жемқорлық бойынша 198 іс тергеліп, 175 іс сотқа жолданған
Жаңалықтар
27
Коллаж: egemen.kz
Биылғы ақпан-сәуір айларында 317 сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары тіркелді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты. Қылмыстық істер бойынша 226 адам күдікті деп танылды. 198 қылмыстық істі тергеу аяқталды, оның 175-і сотқа жіберілді. Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 4,2 млрд теңгені құрады, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі атап өткендей, осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.
Пікірлер (0)