Өскеменде зауыт аумағында жарылыс болды

Жаңалықтар
view 29
news

Фото: видеодан скриншот

Өскемен қаласында зауыт аумағында жарылыс болды. Куәгерлер алдымен қатты жарылысты естіген, содан кейін нысаннан өрт шыққан, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зауыт аумағында шаң жинау құрылғысы жарылған. Осыдан кейін өрт тұтанып, ғимараттың бір бөлігі құлаған.

 

Алғашқы құтқару бөлімшелері келген кезде ашық жалынның өршіп жатқаны анықталды, – делінген ведомство хабарламасында.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *