Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде қайда болғанын айтты
Жаңалықтар
129
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Россия 24" телеарнасына сұхбат беріп, Қазақстанда болған қаңтар оқиғасы кезінде қайда болғанын айтып берді, – деп хабарлады РИА "Новости".
Мемлекет басшысы оған ұшаққа немесе тікұшаққа отырып, елден кетуді ұсынғандар болғанын айтты.
"Төңкерістердің барлығының мақсаты билік басына басқа адамдардың келуі болған. Маған келер болсақ, қаңтар оқиғасы кезінде мен ешқайда кеткен жоқпын, Президент резиденциясында болдым. Осында түнедім", – деді Тоқаев.
"Мен қандай жағдай болса да, ешқайда кетпеймін деп ойладым. Кету туралы жоспарым болған жоқ", – деп атап өтті Президент.
Пікірлер (0)