Тоқаевтың әйелдер туралы сөзіне қатысты шу Ақордаға жетті

Жаңалықтар
view 144
news

Фотосурет: президенттің баспасөз қызметі

Ақорданың президент Жолдауында айтылған сөзді «тәпсірлеуіне» тура келді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат порталы.

Нақты айтқанда, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауда айтқан «қоғамдық тәртіпті бұзушылар арасында әйелдер де бар» деген пікірі әлеуметтік желілерде сынға ұшыраған болатын. Президент әкімшілігі бұл сөздердің мәнін түсіндіріп, қоғамға нақты үндеу екенін атап өтті. Бұл ретте президент әйелдерді айыптаған жоқ, керісінше, қоғамдағы мәдениет дағдарысына назар аударған.

Егер әдетте нәзіктік пен үйлесімділікті бейнелейтін әйелдер де жанжалдарға араласа бастаса, бұл – мәдениеттің құлдырауының айқын белгісі. Бұл – айыптау емес, баршаға арналған үндеу. Жынысына, жасына немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан, әр азаматты сыпайылыққа, өзара құрметке шақыру, – делінген түсіндірмеде.

Ақорда өкілдерінің айтуынша, президенттің негізгі ойы – қоғамда дөрекілік пен агрессияға жол бермей, этика мен өзара сыйластық мәдениетін қайта қалыптастыру. Жалпы, Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға әрдайым баса мән беріп келеді екен.

Президенттің баспасөз қызметі келтірген мысалдар:

- партиялық тізімдерде әйелдерге арналған квота енгізілді;

- еңбек нарығындағы гендерлік шектеулер алынып тасталды;

- бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеу мерзімі ұзартылды;

- ІІМ құрамында әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасы құрылды;

- барлық өңірде отбасын қолдау орталықтары ашылып, «111» байланыс орталығы іске қосылды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *