Алматыда қыздың ұятты жерін сипаған күдікті 14 жастағы оқушы болып шықты

Жаңалықтар
view 125
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Кеше Алматыда бойжеткенге әдепсіздік көрсетілген сәт сол маңдағы бейнежазба камераларына түсіп қалған еді. Соның мән-жайы бүгін анықталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Кадрлардан қыздың жеке сектор аумағымен жүріп, оның артынан бейтаныс жігіттің еріп келе жатқанын көруге болады. Қыз үйдің қақпасына жақындағанда, жігіт кенет жүгіріп келіп, құшақтап, оның жыныстық мүшесінен ұстап, қашып кеткен болатын.

Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жігіттің жеке басын анықтады. Ол ауданның 14 жастағы тұрғыны болып шықты.

Оның ата-анасы баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағанның өзі мектепішілік есепке қойылды. Бұдан басқа, осы факті бойынша материалдар Түрксіб ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралатын болады. Жасөспіріммен және оның отбасымен психологтың қатысуымен профилактикалық жұмыс жүргізілді, – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *