Министр халыққа қандай әлеуметтік төлемдерді бермеу керектігін айтты

Жаңалықтар
view 76
news

Фотосурет: janabastau.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова күмәнді және тиімсіз әлеуметтік төлемдерді тоқтату мәселесін де түсіндірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, қазір министрлікте сарапшылар тобы жасақталған. Олар күмәнді және тиімсіз әлеуметтік төлемдерді алып тастауға қатысты нақты ұсыныстарды әзірлейді. Премьер-министр бұл жұмысты 1 желтоқсанға дейін аяқтауды тапсырған болатын.

Мысалы, бүгінде мүгедектігі бар баланы үйде оқыту үшін ата-анаға жергілікті бюджеттен төлемдер беріледі. 500 теңгеден 1000 теңгеге дейін, 300 теңгеден 3 000 теңгеге дейін әлеуметтік төлемдер қарастырылған. Ал Конституция бойынша әрбір ата-ана өз баласына жауапты, оны оқытуға да, басқа жағдайлар жасауға да хақылы әрі міндетті. Ал мемлекет өз тарапынан мүгедектігі бар бала тіркелген мектепке жоғары тарифпен ақша береміз, оған қоса, ата-анасына да төлем беріледі. Міне, бұл – әділетсіздік. Сондықтан осы нормалар қайта қаралады, - деді Светлана Жақыпова.

 Оның айтуынша, республикалық бюджеттен төленетін жәрдемақылар тоқтатылмайды, тек жергілікті жерде, яғни әкімдіктер тарапынан берілетін төлемдер қайта қаралады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *