«Ресми түрде – 85 мың, қалғанын конвертпен төлейді»: жалақыны енді мемлекет реттемек

Жаңалықтар
view 120
news

Фотосурет: janabastau.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушілерді нақты еңбек қатынастары мен жалақыны декларациялауға міндеттеу үшін Еңбек кодексіне өзгерістер әзірлеп жатыр. Бұл «конвертпен жалақы беру» тәжірибесін жоюға бағытталған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Министр Светлана Жақыпованың айтуынша, кей жағдайда жоғары білікті мамандар ресми құжат бойынша аз жалақы алады, ал қалған бөлігін жұмыс берушілер салық түсімін азайту үшін қолма-қол береді.

Олар жалақыны ресми түрде 85 мың деп көрсетеді де қалғанын конвертпен төлейді. Бұған жол бермеу үшін біз еңбек қатынастарын декларациялау қажет екенін айтып отырмыз. Халықаралық тәжірибе де осыны көрсетеді. Мәселен, Сингапур мен Швецияда жалақыны мемлекет реттейді, – деді министр Мәжіліс отырысында.

Оның айтуынша, салалар арасында жалақы айырмашылығы үлкен. Бірдей біліктілігі бар маман бір салада 1 миллион теңгеден артық табыс тапса, басқа салада небәрі 400 немесе 220 мың теңгені ғана қанағат етуге мәжбүр.

Біз бүгінде әлеуметтік әріптестерімізбен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, жақын арада ортақ талқылауға отырамыз. Салалық келісімдерде еңбекақы төлеу шарттарын да қарастырамыз. Мысалы, тау-кен металлургия кешеніндегі жалақылардың айырмашылығын өздеріңіз де көре аласыздар, – деді Светлана Жақыпова.

Бұл заң жобасын Үкімет те, президент әкімшілігі де қолдап отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *