«96-дан 75 келіге түстім»: салмақ қуған Жорабаеваның терісі салбырап қалыпты

Жаңалықтар
view 102
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Әнші Алтынай Жорабаеваның артық салмақтан арылғаны да жұрт талқысына түсіп отыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бүгінде оған әлі күнге дейін қатты арықтап кеткенін сынап жазатындар бар екен.

Көзіңді неге олай істегенсің? Түріңе не болып кеткен? Бұрынғы қалпың әдемі еді ғой деп мені 20 жыл бұрынғы Алтынаймен салыстырады. Жандарым-ау, мен 50 жасқа жақындадым ғой! 37 келі салмақ тастаған адаммын. Әрине, терім салбырайды. Жайлап жаттығулар жасап жатырмын, нәтижесі болар. Әлде семіріп, былшиып жүре берейін бе? Маған артық салмақ ыңғайсыздық тудырады. Кімге жағады ол?! Ешкімге! Денсаулыққа өте зиян. Мүмкін салбыраған терімді тартып тастармын, кім біледі? – деді әнші.

Айта кетсек, бұған дейін ол декретте отырып, артық салмақ жинап алғанын жасырмаған еді.

Алтынай қыздарыңыз 96 келіден 75 келіге түсті. Аллаға шүкір! Мақсатым – 60 келі болу. Алла денсаулық берсін! – деп жазды әнші.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *