Мәжілістің жалпы отырысында анасын туған күнімен құттықтаған депутат сынға ұшырады
Фотосурет: видеодан скриншот
Мәжілістің жалпы отырысында Үкіметке депутаттық сауал жолдау үшін микрофон сұраған депутат Ардақ Назаров сөзін анасын туған күнімен құттықтаудан бастады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат порталы.

Осында отырған барлық азаматтардың артында әлемнің жарық әлемін сыйлаған аналар тұр. Менің анашымның бүгін туған күні, 70 жасқа толып отыр. Құттықтауға рұқсат етсеңіз, – деп құттықтауын оқыды депутат.
Анасын қатты жақсы көремін деген ол әкесі екеуіне ұзақ ғұмыр тіледі.

Қадірлі анашым, Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің мейірімге толы жүрегіңіз бен жүзіңізден төгілген нұрға шомылып өстім. Анашым, әкетайым екеуіңіз құстың қос қанатындай мәңгі бірге болып, Құдай бере салған немелеріңіздің қызығын көріңіздер! Анашым, мен сізді қатты жақсы көремін. Сіздің алдыңызда басымды иемін. Баршаңыздың аналарыңыз аман болсын! – деді Ардақ Назаров.
Қазір мәжілісменнің бұл әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Көпшілік мемлекеттік қызметкерлердің заң шығаратын орында отырып алып, дүйім жұрттың алдында жеке отбасылық әңгіме айтуына наразы.
Пікірлер (0)