«Еуропада да, Америкада да жоқ»: Рыбакина қазақтың қай ұлттық тағамын ұнататынын айтты

Жаңалықтар
view 93
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Әйгілі теннисші Елена Рыбакина қазақ ұлттық асханасындағы сүйікті тағамын атады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

10 қыркүйекте Алматыда Билли Джин Кинг кубогының алдында баспасөз мәслихаты өтті. Әлемнің оныншы ракеткасы Елена Рыбакина қазақ ұлттық асханасынан қай тағамды ұнататыны туралы сұраққа жауап берді.

Спортшы ет пен сүт өнімдерін сирек тұтынатынын айтып, сондықтан өзінің сүйікті асы – бауырсақ екенін жеткізді.

Бауырсақ дер едім. Себебі етті өте сирек жеймін, ал сүт өнімдерін мүлде пайдаланбаймын. Сол себепті мен үшін бауырсақ – ең қолайлысы. Әрине, ондай тағам жетіспейді, турнирлерде үнемі сапарда жүресің. Ондайды еш жерде көрмейсің. Еуропада да, Америкада да жоқ, – деді Рыбакина баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында Қазақстан құрамасы АҚШ ұлттық командасына қарсы ойнайды. Кездесу 18 қыркүйекте Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді. Қазақстан мен АҚШ-тан бөлек, ширек финалға Италия, Қытай, Испания, Украина, Жапония және Ұлыбритания құрамалары шықты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *