Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай лауазымын босатты

Жаңалықтар
view 49
news

Фото: gov.kz

Айбек Смадияров Тоқаевтың баспасөз хатшысы болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды

Ал бұл қызметті атқарған Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды.

Еске салайық, бұған дейін Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Бұл қызметке ол былтыр 15 желтоқсанда тағайындалған еді. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *