«Төрт баласынан бас тартты»: Шавкат Рахмонов әйелімен ажырасып кетті

Жаңалықтар
view 144
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтің жары Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желідегі жазбасымен ел назарын аударды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ол отбасындағы жағдайға қатысты ашық пікір білдіріп, балалар тағдырына алаңдаушылық танытты.

Гүлайымның сөзінше, кезінде қамқор әке болған жанның өз перзенттерінен бас тартуы оны қатты күйзелткен. 

"Балалар ажырасқаннан кейін анасына ғана керек. Бүгін ол бәрібір аналарына ұқсап кетеді деп өз балаларынан бас тартты... Соншалықты қамқор әкенің бір күннің ішінде өзгеріп, балаларын керек етпей қалады деп ешқашан ойламаған едім. Иә, мен 4 бала дүниеге әкелдім және бесіншісін күтіп отырмын. Қызығы, мен өте көп туады екенмін. Не деймін? Әкесіне баласы керек болмаса, балаға да әкесі енді керек емес! Маған Алла балаларымды аяққа тұрғызу үшін күш-қуат берсін", – деп жазды ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *