Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері

Жаңалықтар
view 199
news

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау тек қана мүліктің бүлінуіне ғана емес, сонымен қатар адамдардың қаза болуына әкеп соқтырады. Тұрмыстық өрттердің статистикасы облыс аумағында өрттердің ең көп саны тұрғын үй секторында орын алатындығын дәлелдейді. Әдетте, олардың барлығы электр сымдарының немесе жылыту аспаптарының ақаулығына байланысты.

Тұрмыстық өрттің ең көп саны жеке сектор объектілерінде тіркелген, онда қауіпсіздік ережелерін сақтау жауапкершілігі меншік иесінің өзіне жүктелген. Сонымен қатар көп жағдайда өрт-отты абайсыз пайдалану салдарынан (темекі шегу, алау және т.б.) орын алады. Балалардың отпен ойнауы да өртті туындатады. Қосшы қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін барынша жауапкершілікпен сақтауға, сақ болуға және өртті сөндіруден гөрі алдын алу әлдеқайда оңай екенін есте сақтауға шақырады. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, төсекте темекі тартпаңыз, тұрмыстық және басқа да техниканы пайдалану жөніндегі нұсқауларды сақтаңыз, электр сымдарының оқшауламасы бұзылған аспаптарды пайдаланбаңыз. Профилактикалық алдын алу іс-шаралары өрт болған пәтерде: Үйде бензин, керосин, тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтамаңыз. Ең болмағанда бір өрт сөндіргішті сатып алыңыз. Қосылған электр және газ плиталарын, шәйнектерді, үтіктерді, қабылдағыштарды, теледидарларды, жылытқыштарды қараусыз қалдырмаңыз. Электр сымдарының, розеткалардың жарамдылығын қадағалаңыз. Бір розеткаға бірнеше тұрмыстық электр аспаптарын (әсіресе үлкен қуатты) қоспаңыз. Ашық отта бояуларды, лактарды және т.б. жылытпаңыз. Бірақ бірінші кезекте бір негізгі ережені есте сақтауға кеңес береміз: ашық жану туралы айтпағанда, жеңіл түтін иісімен де, дереу «101» немесе «112» телефондары арқылы өртке қарсы қызметті шақырыңыз.

Қосшы қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *