Үкімет басшысы Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді

Жаңалықтар
view 51
news

Үкімет отырысында Алматы қаласындағы жер сілкінісіне қатысты жағдай қаралып жатыр, деп хабарлайды janabastau.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазір орын алған жағдайды есептеу-бағалау жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі сейсмологиялық ахуалға тұрақты мониторингті қамтамасыз етуі керек. Күштер мен құралдар сақадай сай болуға тиіс. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің таулы аймақтарында сел және лай көшкіні жүру қаупіне қатысты тиісті мониторингті қамтамасыз етуі керек. Төтенше жағдай қаупі туындаған кезде шұғыл әрекет ету шараларын қабылдау керек», деді Премьер-министр Олжас Бектенов.

Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әріновтің баяндауынша республикалық және облыстық штабтар құрылып, 384 азаматтарды қабылдау пункті ашылды. Тәулік бойы жұмыс істейтін «жедел желі» іске қосылды. Қазіргі уақытта Алматының тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің барлық нысаны штаттық режимде жұмыс істеуде, елдегі сейсмикалық жағдай – тұрақты. ТЖМ ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын және жер сілкінісі кезінде азаматтарды іс-қимылға дайындауды жалғастырады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *