Анасы 11 жастағы қызын сабақ оқымағаны үшін пышақтап тастады

Жаңалықтар
view 565
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында әйел 11 жастағы қызын сабақ оқымағаны үшін пышақтады, деп хабарлайды janabastau.kz kyn.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 16 қыркүйекте түнге қарай болған. Жалпы бұл отбасында 6 бала бар, сондай-ақ атасы және әжесі бірге тұрады, толыққанды отбасы.

Динара Зәкиеваның айтуынша қызды сабақ оқымағаны үшін жазалаған.

"Алдын ала болжам бойынша анасы 11 жастағы қызы сабағын оқымағаны үшін пышақтаған. Қыз бала аудандық ауруханадан облыстық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Комиссия құрылып, сараптама жүргізіле бастады. Бұл іс СҚО бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жеке бақылауында", - дейді Зәкиева.

СҚО-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Сұрағанова отбасыға барғанын айтты.

"Қазіргі уақытта жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді, жағдайы қанағаттанарлық. Қыз Петропавлдағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір істің мән-жайы анықталып, тергеу жүргізілуде. Оқиғаға қатысты комиссия құрылды. Отбасына бардым", — деп жазды Сәуле Сұрағанова.

Бала аудандық ауруханаға 17 қыркүйекте жеткізілген, ал кеше түнде облыстық балалар ауруханасына әкелінген.

Қыздың шешесін балалардан аулақ ұстау туралы шешім қабылданған.

"Балаға болашақта психологиялық көмек көрсетіледі. Білім басқармасы комиссия құрды. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия, әкімдік ананы үйде отырған қалған балаларды тәрбиелеуден шеттету туралы шешім қабылдады", - дейді ҚР Білім министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *