Бапкер әжетханадағы тиынды алмаған шәкірттерін жерден алып жерге салды

Жаңалықтар
view 390
news

Сурет: SMARTNEWS.KZ

Әжетханаға тиын тастаған. Әлеуметтік желіде танымал болған боксшы, бапкер Мұхит Амантаев шәкірттеріне Мемлекеттік рәміздердің маңызын айтып берді, деп хабарлайды janabastau.kz smartnews.kz-ке сілтеме жасап.

“Бір айдан бері әжетханадағы унитазда тиын жатыр. Ол да су ағызған сайын ақпайды екен. Әжетханаға қанша рет кіресіңдер сол кезде тиынды алуға шамаларың жетпей ме? Әлде жиіркенесіңдер ме? Бұл жерде тренерлердің де кінәсі бар. 50 теңге тек ақша емес. Соны көріп тұрып алмағандарың елге деген сүйіспеншіліктеріңді, нағыз бет-бейнелеріңді көрсетеді. 50 теңгенің артында еліміздің Елтаңбасы тұр. Елтаңба үшін Мұхит ағаларың қан мен тер төгіп жүрген азаматтардың бірі. Жерде 5 теңге болсын, 1 теңге болсын Елтаңба үшін алып, биік жерге қоюларың керек. Елтаңба үшін жанымызды беруіміз керек. Қазақтың балалары қалай болса солай қараса, басқалардан не күтеміз. Елдің болашағы сендерсіңдер. Соның бәрі осындай әрекеттерден басталады”, — деді тренер.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *