Анамнан кешірім сұрадым... кешірші мені Мама: театр әртісі Күнсұлу Тұрғынбекқызы

Жаңалықтар
view 5176
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай бірқатар өнер иелері ведомствалық наградамен марапатталды. Қоғам арасында нағыз майталман таланттар тасада қалып жатыр деген даулы пікірде туындады, деп хабарлайды janabastau.kz.

Осы тұста театр артисі Шаяхметова Күнсұлу Тұрғынбекқызы желіде марапатқа қатысты өз естелігімен бөлісті.

Назарларыңызға қазөқалпында  ұсынамыз:

"Кейде көмекейің бүлкілдеп, әділетсіздіктерге күлкің кеп жататын сәттер болады.. Күнделігімнен…
Анам қатты науқастанып жатты, мен 31арнаның тапсырысымен жаңа түрік сериялында басты кейіпкерді сомдауға кірісіп дайындық үстінде едім..
Кенет мазасыз телефон қоңырауы келіп түсті...жүрегім суылдап кетті.. жиенім Ермек..
ГУЛЯ, ҮЙГЕ ЖЕТШІ... НЕ БОЛДЫ НЕ БОЛДЫ.
МАМАМ ХӘЛ ҮСТІНДЕ ҮЛГЕРІП КЕЛ..
Ентігімді әрең басып үйге жеттім елге Қызылжарға.... қыстығып кеп құшағына құладым анамның құшағына...
Мама мама не болып қалды мамааа..
Мамам әлсіз, үнсіз кемсеңдеп жатты.. ақырын ғана әлсіз дауысымен..
Келдің бе күнім...
Келдім мама,келдіім мама ау ...бір апта өткенде театрдан телефон соқты...сізді атаққа ұсынып жатыр тез суретке түсіріп жолдаңыз...
Мама осындай жақсы хабар келді, бірақ мен суретке түсуге бармаймын,сені бір сәтке де тастамаймын..
Құлыным осы өнер деп өміріңді бердің, ең болмаса бір жақсылығыңды көріп кетейін, бір сағатта түк болмайды сен барып суретке түсіп кел,сен келгенше мені есік алдындағы орынтаққа отырғызып кет,тілеуіңді тілеп отырайын құлыным,жолың болсын...анам өте әлсіз еді,бірақ ол далаға шығып тапжылмай мен суретке түсіп келгенше үздіксіз батасын бергісі келді..әбден мықтап қымтап киіндіріп жанына немересін отырғызып(үйде бәрі жүр ғой қарап) тез барып келдім,жарты сағатқа да жетпеді...келсем күбірлеп кемсеңдеп ерні жыбыр жыбыр тілеуімді тілеп отыр...орамға кіре сала
Мамаа түстім де тез ұштым...қолы тоңып қапты үйге кіргіздік..жүрегіме жүрегіңді басшы балам,өлең айтшы маған..екеуіміз қосылып гүллерайымды айттық.....арада уақыт өтті..Анам үзілді.....бір екі ай өткенде мемлекеттік марапаттар беріліп жатты,алаңдадым,атақ үшін емес,анамның соңғы тілеуі еді...ең болмаса сол тілеуі қабыл болса екен дедім...
Марапат үлестірілді..сіз алғалы тұрған атақты ... басқа адам қанжығасына байлады... хабарлады... жақсы бұйырмаған екен.. бірақ сіздің атағыңызға қол қойылған резервтасыз...келесі жылы міндетті түрде бірінші аласыз..рахмет...ол менің анамның үміті еді..ендігісіне рахмет...
Анамның ақ түбітіне орандым да кішкентай ас үйімнің терезесіне жығылып үңіліп тұрған айға зарымды айтып жыладым...қатты қыстығып жыладым,
Анамнан кешірім сұрадым...кешірші мені Мама", деп жазған театр әртісі Күнсұлу Тұрғынбекқызы.

 
 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *