Әнші Ақбота-Нұр жасаған жарнамадан алданған 250 адам ақшасын қайтара алмай жүр (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 3448
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Әнші Ақбота-Нұр мемлекеттен қайтарымсыз субсидия алу бойынша "БМЖ" компаниясы халыққа қызмет көрсетеді деп жарнама жасаған.  Жылтыр жарнамаға сеніп, алданған 250 адам ақшасын қайтара алмай жүр. Бұл туралы janabastau.kz хабарлайды.
Алданған көпшілік заңгер Нұрсұлтан Орынбековтен көмек сұраған.

"Шымкенттік компанияның айтқанына сеніп, ақшамызды ала алмай отырмыз деген 250-ден астам адам неше күннен @gulmir_ktk екеуміздің ватсабымызды толтырып тастады.
Тізім әлі де көбеюі мүмкін! Оған қоса бұл схемада мемлекеттік мекемелердің де сыбайластығы болуы мүмкін❗️
Бүгін Шымкентте 60 тан аса алданған ағайынмен жолығып мұң-мұқтажын тыңдап ДВД,ДЭР,Прокуратураға шағым түсіріп қайттық", деді заңгер.

Заңгердің айтуы бойынша "BMG" компаниясына 800 мың теңгеден беріп, уәде еткен субсияларын ала-алмай жүрген жүздеген халық бар. Әншілер білмей, зерттемей осылай жарнаманы жасайсыздар! Кейін соңында алданатын халық.

"Бірақ АРЫЗ құзырлы органға жазылды. Мемлекеттік бюджетті жымқыру және өзге де күмәнді әрекеттері үшін жауаптылар жазаға тартылады", деді Нұрсұлтан Орынбеков.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *