"Абай қазақты жаман қылып көрсете берген": белгілі психолог, коуч Құралай ханым ақынның өлеңдерін сынға алды

Жаңалықтар
view 3695
news

Фото - Caravan.kz

Белгілі психолог, коуч Құралай ханым лақап есімімен танымал Құралай Ошақбаева Абай Құнанбаевтың өлеңдерін сынға алды, деп хабарлайды janabastau.kz.

Блогердің айтуынша, Абай өлеңдеріне қазақтың тек жаман қасиеттерді, олқы мінезін арқау еткен екен.

«Сынға үйреніп қалдым, иммунитет қалыптасты. Бірақ, қазақ қоғамында сын өте көп. Жақында Зәуре Батаеваның «Абай жұмбағы» деген мақаласын оқыдым. Сол жерде совет үкіметінің сұрқия саясаты бар. Кезінде Абай атамыздың қазақты «Самобичивание» дейді ғой, ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың деген секілді қазақтың қиын тұстарын, нашар мінезін, мақтаншақтығын, жамандығын әкеліп көрсете берген. 70 жыл саясатта біз соған үйреніп қалғанбыз. Қазақ нашар, қазақ жалқау, қазақ ұйқыбас, мақтаншақ деген секілд. Қазір соған қоғам соны жаттап өскен. Ал, мен 10 жыл бойы инстаграмда мақтанғым келеді, қазақтарды мақтағым келеді», — дейді психолог.

Пікірлер (13)

  • Нәмет

    Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады, Абай жаны ашығандықтан, жылатып айтып отыр, осыны түсінбеген қандай психологсың Құралай ханым ?

  • Кәзіргі психолог сымақтар Абайда несі бар ,Абайдың қолына су құюға жарамайтын шала сауатты білгіштер Қазақша айтсам өз жөніңмен өзеріңе сенетін аңқау қыздарға жөн үйрете беріңдер Абайда шаруаларың болмасын “Мыңмен жалғыз алыстым күнә қойма деп кеткен еді”қайран Абай……

  • Ақан

    Осындай мақтаншақ, миғұла коучсымақтар ғой халқымыздың бүкіл әлем таныған асыл тұлғаларына тіл тигізетін. Құралай ханым емес, Құралай топас деп атау керек бұл білгішсымақты!

  • Абайды да заманды да білмейтін БЕЙШАРА, осы біліміңді біржеріңе тығып қой да отыршы! Енді қазір “мыналар меннен басқасы бәрі - НАДАН” деп тұрғаныңды да ТҮСІНЕ АЛМАЙТЫНЫҢ БЕЛГІЛІ… ( енді саған сөзімді қор қылмаймын,)

  • Нұрмахан

    Қайтсін енді, жағынып бір абырой жинап көрейін ұлы тұлғаны жамандап деген да

  • Айымжан

    Абайда нең бар сенің? Оған деңгейін де өрісің де жетпейді ғой

  • Назым

    Абайды түсіну үшін кемел білім мен ақыл керек. Абай өз халқын жан-тәнімен сүйген. Құралай ханым Абайдың қара сөздерін оқыды ма екен, неше өлеңін жатқа біледі екен. Абайдың шығармасын зерттеген қанша ғалымның еңбегін оқыды екен. Жылғылсаң нардан жығыл деп, өздерін халық ұмыта бастаса, Абайдай ұлы тұлғалардың аруағын күңірентуге неге құмар?! Түсініксіз.

  • Жумагуль

    Сізге әлі оқу керек, "білімсіз адам қанатсыз құс" деген мақал бар. Сіздің қандай дәрежеңіз бар еді?

  • Сайлау

    Алты құрлыққа танымал болған Қазақтың ұлы жазушысы Абай атамызды .......... .Бесіктен белің шықпай жатып сынауыңа қалай ауызың барды арсыз дық надандық қа жол беруіңе сайтан түрткі болғандай

  • Булат

    Пікірлеріңізге толық қосыламын. Аузым бар деп .................... беруге болмайды.

  • Жүз жерден коуч де ме (ол не деген сөз өзі) болса да Абайға сын айтуға қалай аузы барады. Абай мұхит, мұхитты игеру мүмкін бе,ұсақ- түйек көлшіктерге?

  • Патима

    Абайды қозғамайақ қой, оны қозғау үшін саған мықты білім, сауат керек

  • Қайрат

    Айналайын ау Абайды түсіну мен тану үшін сізге қазақы таным керек

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *