Венесуэла президентін тұтқындаған Трамп тағы екі елге тізе батырмақ

Жаңалықтар
view 361
news

Фотосурет: YouTube.com

АҚШ президенті Дональд Трамп 3 қаңтарда Венесуэлада жүргізілген америкалық әскери операциядан кейін қатаң мәлімдемелер жасады. Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында ол тек Венесуэлаға ғана емес, көршілес Колумбия мен Кубаға қатысты да ескерту жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Arasha.kz-ке сілтеме жасап.

Ақ үйдің ресми YouTube арнасында тікелей көрсетілген баспасөз конференциясында Трамп Колумбия президенті Густаво Петроны наркобизнеспен байланысы бар деп айыптады. Оның айтуынша, ел аумағында кокаин өндіретін нысандар жұмыс істейді.

Онда кокаин шығаратын фабрикалар мен зауыттар бар. Мен алғашқы мәлімдемемде айтқан сөзімде қаламын, оның сақ болғаны жөн, – деді Трамп.

Бұл сөздер Венесуэладағы жағдай ушығып тұрған шақта айтылып, АҚШ пен Колумбия арасындағы дипломатиялық шиеленісті күшейтуі мүмкін. Трамп Кубадағы ахуалға да тоқталды. Оның айтуынша, аралдағы әлеуметтік-экономикалық жағдай ауыр, ал Вашингтон «кубалықтарға көмектесу мүмкіндігін» қарастырып отыр.

Қазір Кубаның жағдайы өте мүшкіл. Біз халыққа көмектескіміз келеді, – деді АҚШ басшысы.

Бұл ұстанымды АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио да қолдап, Гавана билігі алдағы салдарды ескеруге тиістігін, әйтпесе халықаралық деңгейде күрделі нәтижелерге тап болуы мүмкін екенін айтты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *