Жаяу Мұсаның мұрагеріне құрмет жоқ: Байхановтың тойы – мұраны мансұқтау ма?

Жаңалықтар
view 212
news

Е. Айтбаевтың ашық дереккөзден алынған фотосуреті

Павлодар облысы әкімдігінің Жаяу Мұса Байжанұлына арналған іс-шарасы қоғамда қызу талқыға түсті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Белгілі дәстүрлі әнші, мәдениет жанашыры Ербол Айтбаев Facebook парақшасында өткір пікір қалдырды. Оның айтуынша, өңір басшысы Асайн Байханов дәстүрлі әншілерді — Жаяу Мұсаның ән мұрасын шын мәнінде сақтап жүрген орындаушыларды елеусіз қалдырған.

«Жаяу Мұсаның асыл мұрасын орындаушы, сақтаушы дәстүрлі әншілерді сыйламайсың – нағында менсінбейсің. Сонда Жаяу Мұсаның мұрасын, мұрагерін құрметтемесең, не той, не сандала?!» – деп жазды Айтбаев.

Мәдениет саласының өкілдері бұл пікірмен үндес: олар Жаяу Мұсаның атын ұлықтау тек әкімдік сценарийімен емес, рухани мұрагерлердің үнін естіртумен өлшенуі тиіс деп санайды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *