Жаңа Конституция жобасы – жастар саясатын дамытуға зор мүмкіндік
Фотосурет: дереккөз
Бүгін еліміз үшін айрықша маңызды тарихи кезең басталып отыр. Жаңа Конституция жобасы – мемлекетімізді одан әрі демократияландыруға, құқықтық қоғам құруға және әділеттілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.
Бұл өзгерістер тек саяси жүйені жетілдіруге ғана емес, қоғамдағы әр азаматтың құқығын қорғауды күшейтуге де серпін береді. Әсіресе, ұсынылып отырған реформалар жастар саясатының дамуы үшін зор мүмкіндік ашпақ.
Жастар – елдің ертеңі ғана емес, бүгінгі қоғамның да белсенді қозғаушы күші. Жаңа өзгерістер олардың қоғамдық өмірге араласуын арттырып, мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Белсенді жастардың идеяларын қолдау, олардың бастамаларын іске асыруға жағдай жасау және азаматтық қоғам институттарын дамыту – болашақтың берік іргетасы болмақ.
Алдағы референдум – әрбір қазақстандық үшін маңызды таңдау сәті. Бұл – өз болашағымызға бейжай қарамай, ел дамуының бағытын бірге айқындайтын жауапты кезең. Біз бүгін қабылдайтын шешім тек қазіргі уақыт үшін емес, келер ұрпақтың ертеңі үшін де үлкен мәнге ие.
Сондықтан әр азаматтың референдумға қатысып, саналы түрде өз таңдауын жасауын ортақ жауапкершілігіміз деп білемін. Елдің дамуы, тұрақтылығы және жарқын болашағы біздің бүгінгі бірлігіміз бен дұрыс шешімімізге байланысты.
Мөлдір МАРАТҚЫЗЫ,
Қосшы қаласы Жастар ресурстық орталығының басшысы
Пікірлер (0)