Үкіметтегі ауыс-түйіс: Президент екі министрді қызметінен алып тастады
Жаңалықтар
102
Сурет: Ақорда
Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі мен Көлік министрлері ауысты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды. Оның орнына Қорғаныс министрі болып Дәурен Жұматайұлы Қосанов тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылып, президенттің өкімімен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Пікірлер (0)