Атырауда қайын жұртын өлтірген күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің соты ашық режимде өтетін болды

Жаңалықтар
view 23
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Атырау облысы Жангелді ауылында төрт адамды өлтірді деген күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің соты 18 мамыр, сағат 11.00-де басталатын болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

 Жергілікті «Ақжайық» басылымының мәліметіне сүйенсек, оның ісін аса ауыр қылмыстарды қарайтын судья Зарема Хамидуллина қарайды.

Айта кетейік, Зарема Хамидуллина осыған дейін де резонанс тудырған Яна Легкодимованың өліміне қатысты істі қараған еді.

«Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Жангелді ауылындағы төрт адамның өліміне қатысты іс келіп түсті. Бірінші сот отырысы 18 мамыр, сағат 11:00-де өтеді. Сот процессі ашық болады», - деп хабарлайды «Ақжайық».

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *