Balapan телеарнасы зорлық көргенін айтқан актердің мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді

Жаңалықтар
view 18
news

Фотосурет: видеодан скриншот

«Балапан» телеарнасы әлеуметтік желіде актер Нұрғали Нұрманның мәлімдемесіне байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Арна мәліметінше, 2010 жылғы 27 қыркүйекте ашылған “Balapan” телеарнасының штатында аталған азамат “продюсер” қызметін атқармаған.

Сондай-ақ кейінірек желі қолданушысы өз сөзінде айтылған оқиғалардың “Balapan” телеарнасына емес, коммерциялық жобаға қатысты болғанын нақтылап, жаңа бейнежазба жариялаған.

Ол арна ұжымынан кешірім сұраған.

Еске салайық, бұған дейін актер Нұрғали Нұрман бірнеше жыл бұрын “Балапан” телеарнасында жұмыс істеп жүрген кезінде продюсер тарапынан зорлық көргенін мәлімдеген еді. Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып, кейбір қазақстандықтар ұлттық арнаға бойкот жариялауға шақырған болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *