Маңғыстауда ер адам кәуапқа қақалып қайтыс болды
Фотосурет: sputnik.kz
Маңғыстау облысында әріптестерімен бірге табиғат аясына демалуға барған ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға Жармыш ауылының маңындағы Аралбай сарқырамасында болған. Әріптестерімен демалуға барған ер адам кәуапқа қақалып қайтыс болған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында оқиғаның 10 мамырда болғаны айтылып жатыр. Қайтыс болған ер адам мектепте қызмет еткен. Марқұм 56 жаста болған.
Ол кәуап сүйегіне қақалып қалған. Дер кезінде тиісті көмек көрсетілмегендіктен ол оқиға орнында қайтыс болған.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша мұқият тексеру басталғанын айтады.
"Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Азаматтарға табиғатта демалу кезінде өте сақ және мұқият болуды ескертеміз", - дейді полицияда.
Пікірлер (0)