Алматы облысында оқушы мұғалімін ұрып тастаған
Фотосурет: видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде оқушының мұғалімді соққыға жыққаны түсірілген видео тарады. Полиция мәліметінше, оқиға биыл қаңтар айында Қарасай ауданы Шамалған ауылында болған.
Кадрлардан ересек ер адам мен жасөспірімнің төбелесіп жатқанын көруге болады. Алматы облыстық полиция департаменті 20 қаңтар күні ер адамға дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Жасөспірім ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілген. Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Полиция соттан кейін материалдар кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға жолдануы мүмкін екенін хабарлады.
Ол жерде оқушыны профилактикалық есепке қою мәселесі қаралады. Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасының әрекетіне де құқықтық баға беріледі.
Пікірлер (0)