«Жаныңыз жәннатта болсын»: Роза Рымбаеваның келіні қаралы хабар айтты

Жаңалықтар
view 170
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желідегі парақшасында жүрек ауыртатын хабарын бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесінің айтуынша, оның өмір жолына бағыт берген аяулы ұстазы Қожантаева Сұлухан өмірден өткен. 

"Бүгін жүрегіме ауыр хабар жетті. Алғаш рет қолыма қобыз ұстатып, өнердің есігін ашқан аяулы Қожантаева Сұлухан апайым өмірден өтті. Сіздің әр сабағыңыз, әр жылы сөзіңіз менің жүрегімде мәңгі сақталады. Қобыздың үнімен бірге берген тәліміңіз бен мейіріміңіз өмір бойы менімен. Әкем алғаш жетектеп Кіші Өнер Академиясына алып барғанда, сіз тек ұстаз емес, жалпы өнерге деген сүйіспеншілікті, қобыз аспабына деген махаббатымды ояттыңыз. Жаныңыз жәннатта болсын, апай", – деп жазды Ақерке Бүркітбай.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *