Жазушылар жаңа Конституцияның рухани өзегін талқылады

Жаңалықтар
view 27
news

egemen.kz

Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен жаңа Конституция жобасына арналған мазмұнды жиын өтті. Басқосуға шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, Мәжіліс депутаттары мен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері қатысып, ел дамуы үшін айрықша маңызы бар құжат төңірегінде ой бөлісті, деп жазады Egemen.kz.

Жиынға Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов төрағалық етті. Кездесуде жаңа Конституция жобасының тұжырымдамалық негіздері, оның қоғамдық және рухани мәні кеңінен сөз болды. Талқылауға Жанарбек Әшімжан, Айдос Сарым және Анар Фазылжан қатысып, құжаттың мазмұнына қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Басқосудың негізгі мақсаты ел тағдырын айқындайтын маңызды құқықтық құжатқа шығармашылық қауымның көзқарасын жүйелеу, сондай-ақ жаңа Конституция жобасын жалпыұлттық талқылауға кеңінен тарту болды. Осы тұрғыда қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдері қоғамдағы өзгерістерге сергек қарап, құқықтық реформаларға өз үнін қосудың маңызын атап өтті.

Талқылау барысында конституциялық реформаның басым бағыттары, жаңа жобада қоғам, мәдениет пен шығармашылық саласына қатысты қарастырылған нормалар, азаматтық институттардың орны мен жауапкершілігі жан-жақты талданды. Қатысушылар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, сөз және шығармашылық еркіндігін институционалдық деңгейде күшейту елдің ұзақ мерзімді дамуы үшін шешуші фактор екенін айтты.

Сонымен қатар, шығармашылық қауым өкілдері жаңа Конституцияны тек құқықтық нормалар жиынтығы ретінде емес, қоғамдық сананы жаңғыртатын, әділеттілік пен жауапкершілік қағидаттарын орнықтыратын рухани тірек ретінде қабылдау қажеттігін атап өтті. Бұл ұстаным құжаттың өміршеңдігі мен қоғамдағы қабылдану деңгейін арттыруға ықпал ететіні айтылды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *