Зеленский президенттік қызметтен қашан кететінін мәлімдеді

Жаңалықтар
view 129
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Зеленский соғыс біткен соң отставкаға кетуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Украина президенті Владимир Зеленский соғыс аяқталғаннан кейін қызметінен кетуге дайын екенін жеткізді, сондай-ақ атысты тоқтату режимі енгізілсе, Жоғарғы радаға сайлау өткізу туралы бастама көтеруге ниет білдірді.

«Менің басты мақсатым – қайта сайлану емес, соғысты тоқтату», – деді Зеленский Axios басылымына берген сұхбатында.

Журналистердің «Соғыс аяқталғаннан кейін өз миссияңызды аяқтады деп санайсыз ба?» деген сұрағына мемлекет басшысы: «Иә, мен отставкаға кетуге дайынмын», – деп жауап берді.

BBC дерегінше, Зеленский атысты тоқтату келісіміне қол жеткізілсе, парламент сайлауын өткізу туралы ұсыныс жасауға дайын екенін айтты. Дегенмен ол кейбір өңірлердегі қауіпсіздік ахуалы мен Украина Конституциясының талаптары белгілі бір қиындық тудыратынын атап өтті. Конституция бойынша әскери жағдай кезінде сайлау өткізуге тыйым салынған. Соған қарамастан, Зеленский сайлау өткізу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *