Жемқорлықпен күрес құқықтық мәдениеттен басталады

Жаңалықтар
view 10
news

Фото: istockphoto.com

Сыбайлас жемқорлық кез келген қоғамның дамуына кедергі келтіретін ең өзекті мәселелердің бірі екені ақиқат қой. Ол мемлекеттік институттарға деген сенімді әлсіретіп қана қоймай, әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын да бұзады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Сондықтан жемқорлыққа қарсы саясатты күшейту мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру – мемлекеттік басқарудың басым бағыттарының бірі.

Қазақстанда бұл бағытта соңғы жылдары бірқатар жүйелі реформа жүзеге асырылып жатыр. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін цифрландыру, ашықтықты арттыру, қоғамдық бақылауды күшейту – жемқорлық тәуекелдерін азайтудың тиімді тетіктері ретінде қарастырылып келеді. Әсіресе, «ашық үкімет» қағидаты аясында мемлекеттік органдардың есеп беруі мен ақпаратқа қолжетімділігі арта түсті.

Дегенмен сарапшылар сыбайлас жемқорлықпен күресте тек институционалдық шаралар жеткіліксіз екенін алға тартады. Негізгі мәселе – қоғамдағы құқықтық мәдениеттің деңгейі. Егер азаматтар өз құқықтарын білмесе, заңды талап етпесе және пара беруді «мәселені шешудің жолы» ретінде қабылдаса, кез келген реформа өз нәтижесін толық бере алмайды.

Құқықтық мәдениет дегеніміз бұл заңды білу ғана емес, оны құрметтеу, сақтау және талап ету ғой. Әрі бұл қасиет бала кезден қалыптасуы тиіс. Мектептерде құқықтық білім беру, жоғары оқу орындарында академиялық адалдық қағидаттарын енгізу – осы бағыттағы маңызды қадамдар.

Сонымен қатар қоғамда жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру қажет. Яғни кез келген заң бұзушылыққа бейжай қарамау. Бұл ретте азаматтық қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі ерекше. Ашықтық пен жариялылық – жемқорлықтың ең үлкен қарсыласы.

Ендеше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек жазалау шаралары емес, бұл сана мен мәдениетті өзгерту процесі болса керек. Ал құқықтық мәдениеті жоғары қоғамда әділдік те, сенім де берік болатыны сөзсіз.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *