БАҚ: Иран Израильдің ядролық реакторын жарып жіберетінін айтып қорқытты

Жаңалықтар
view 33
news

Фото: Anton Petrus/Getty Images

Иран әскери шенеуніктері егер Израиль мен АҚШ Иран үкіметін құлатуға тырысса, Израильдің ядролық реакторына "соққы жасаймыз" деп қорқытты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Басылымның Иранның Isna ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, егер Израиль АҚШ-пен бірлесіп Ирандағы билікті құлатуға әрекет жасаса, Израильдің ядролық реакторына соққы жасайтынын айтып қорқытты.

"Егер АҚШ пен Израиль Ирандағы режимді өзгертуге тырысса, Тегеран Израильдің Димона қаласындағы ядролық реакторына соққы береді", - делінген мәлімдемеде.

Сөз болып отырған ядролық зерттеу орталығы Димона қаласының маңындағы Негев шөлінде орналасқан. Ол 1964 жылы ашылған. Орталық құрамында табиғи уранмен жұмыс істейтін ауыр су реакторы (IRR-2) бар.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *